Индонезияда аспан қызыл түске боялды

Индонезияда аспан қызыл түске боялды
2163

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Индонезияның Джамби провинциясында елдегі орман өртінің жиілеуінен демалыс күндері аспан қызыл түске боялды, деп жазады Би-би-си русская служба.

Куәгерлердің бірінің айтуынша, қызыл түтін «көз бен тамаққа әсер етіп, ашытқан».

Джамби провинциясындағы Мекар Сари ауылының тұрғыны Эка Вуландаридың айтуынша, сенбіде күндіз түсірген суреттерінде түтінді аспанның қызыл түсі қанық шыққан.

Эка суреттерін "Фейсбукке" жариялап, 34 мың көрсетілім жинаған. Алайда, Би-би-си-ге берген сұхбатында ол суреттердің шынайылығына көпшіліктің күмәнданғанын айтты.

"Бұл шындық, суреттерді және видеоны телефоныма өзім түсірдім ", - дейді бойжеткен.

 

 

 

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: дереккөз
Өзгелердің жаңалығы