Индонезия Sinovac компаниясынан вакцина алды

25 Қыркүйек 2021, 01:19
11970
Бөлісу:
Индонезия Sinovac компаниясынан вакцина алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Индонезия Sinovac-тан коронавирусқа қарсы вакцинаның жаңа партиясын алды, деп хабарлады Kompas.

Кеше Sinovac вакцинасының екі миллион дозасы Индонезияға жеткізілді.

Бұған дейін 21 қыркүйекте Индонезия Қытайдың Қызыл Крест ұйымынан Sinopharm вакцинасының 200 000 дозасын алған.

Барлығы Индонезияда 273 603 790 доза коронавирусқа қарсы вакцина бар.

REGNUM ақпараттық агенттігі хабарлағандай, Индонезияда тәулігіне COVID-19-дан 160 адам қайтыс болған. Вирустан көз жұмғандардың ең көбі Ачех провинциясының тұрғындары.

Өзгелердің жаңалығы