Зеренді ауданының көпбалалы аналары жаңа қоныс иелері атанды

3 Шілде 2024, 10:45
169
Бөлісу:
Зеренді ауданының көпбалалы аналары жаңа қоныс иелері атанды
Фото: Ақмола облысы әкімдігі

Бүгін 10 зеренділік отбасы жаңа тұрғын үйдің иегері атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жаңа қоныстанушылар арасында – көп балалы отбасылар мен жетім балалар. Пәтер кілттерін Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов тапсырды.

Өз үйіңді табу - әр отбасы үшін, әр адам үшін үлкен мереке. Біздің Президент бірінші кезекте еліміздің азаматтарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асыруға ерекше назар аударады. Әрбір адам үшін басты мәселелердің бірі – тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі. Осы мақсатта Мемлекеттік бағдарламалар қабылданады, жаңа жұмыс орындары құрылады, жерлестеріміз пәтер алатын үйлер салынады. Біз үшін ең бастысы – ақмолалықтардың әл-ауқаты. Әр үй отбасылық жайлылықтың жылуына толсын, ал әр күн сізге тек жағымды эмоциялар әкелсін, - деп атап өтті Марат Ахметжанов.

Зеренді ауданының көпбалалы аналары жаңа қоныс иелері атанды

Көп балалы ана Гүлзада Ақпаева жұбайымен бірге бес бала тәрбиелеп отыр. Олар өз пәтерлерін көптен бері қалаған, бірақ сатып алуға мүмкіндігі болмады. 2012 жылдан бері кезекте тұр.

Ақыры біздің арманымыз орындалды. Әсіресе балалар қатты қуанды. Мұнда бәрі жақын: мектеп, дүкендер, жұмыс орны. Балалар бақытты, біз өте ризамыз, - деп бөлісті Ақпаева.

Зеренді ауданының көпбалалы аналары жаңа қоныс иелері атанды

Айта кетейік, Зеренді ауданында 19 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл кезекті қысқартуға мүмкіндік берді. Бұдан басқа, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін кейіннен сатып алу арқылы, 60 жеке тұрғын үй салу жоспарлануда.

Өзгелердің жаңалығы