Үндістанда омикрон штамының аса жұқпалы түрі табылды

11 Тамыз 2022, 08:52
1110
Бөлісу:
Үндістанда омикрон штамының аса жұқпалы түрі табылды

Үндістанда омикрон штамының ВА-2.75 деп аталатын аса жұқпалы әрі науқасқа ауыр тиетін түрі табылды.

Бұл туралы үнді астанасындағы мемлекеттік аурухананың бас дәрігері хабарлады. Оның айтуынша, бұл штамм коронавирусқа қарсы антиденесі бар азаматтардың ағзасына жылдам еніп кетеді.

Айта кетейік, ВА-2.75 вирусы кентавр деп те аталады. Бүгінде ол әлемнің көптеген елінде тіркелген. Науқастар оны көбіне жеңіл өткізгенімен, егде жастағы азаматтар немесе созылмалы аурулары бар адамдар үшін ол қауіпті саналады.

Өзгелердің жаңалығы