Украинада қазақстандықтар референдумға дауыс бере алмайды

2 Маусым 2022, 05:35
1303
Бөлісу:
Украинада қазақстандықтар референдумға дауыс бере алмайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бесінші маусымға белгіленген республикалық референдум Украинада өтпейді. Бұл туралы Қазақстанның Украинадағы елшілігі мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Қазір Украинада тыныш емес. Оның үстіне, әр өңірде жүрген Қазақстан азаматтарын Киевке шақыру – қиын әрі қауіпті. Сондықтан Республикалық референдум Киевте ұйымдастырылмайды. Елшіліктің онға жуық қызметкері Варшавадағы Қазақстанның дипломатиялық корпусында дауыс береді, – дәп мәлімдеді, телефон арқылы елшілік қызметкері арна тілшісіне.

Өзгелердің жаңалығы