Таиланд мемлекеті Қазақстанмен білім саласы бойынша серіктестік орнатпақ
13 Мамыр, 23:50 578

Таиланд мемлекеті Қазақстанмен білім саласы бойынша серіктестік орнатпақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таиланд мемлекеті Қазақстанмен білім саласы бойынша серіктестік орнатпақ. Бұл туралы бүгін елімізге ресми іс-сапармен келген делегация мүшелері мәлімдеді.

Делегация құрамында Таиланд Корольдігі Парламенттерінің депутаттары  Acaravat Asvahem, Kanok Wongtrangan, Sakuna Saranun, Pimrapee Phanwichatikul, Sakorn Kiewkhong, Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Елшісінің кеңесшісі Ерлан Тіленшиев, Bai Mai Phli мектебінің бас директоры Muammer Taşcı және мектептің қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім басшысы Pisut Namcharoenchai болды. 

Қонақтар Сулейман Демирель атындағы университеттің жұмыс барысымен, білім бағдарламаларымен танысты, ғимаратты аралады.Bai Mai Phli мектебінің бас директоры делегацияның университетке білім саласы бойынша серіктестік орнату мақсатында келгенін айтты.

Біз мұнда екі мақсатпен келдік. Ең алдымен, білім саласы арқылы екі мемлекет арасында алтын көпір болуды, қарым-қатынас орнатуды жоспарлап отырмыз. Студенттермен, оқытушылармен алмасу бойынша бағдарламаларымыз бар. Сулейман Демирель университетімен серіктестік орнатып, ортақ жобаларды жүзеге асыруға дайынбыз. Екі ел арасында байланыс орнатып, білім саласында тәжірибе алмасуға ниеттіміз, – деді Muammer Taşcı. 

СДУ ректоры Давронжон Гаипов жоғары оқу орны тарапынан ынтымақтастық орнатуға, ортақ жобалар бастауға әрдайым ашық екенін жеткізді. 


Фото: дереккөз
Загрузка...