Қапшағай су қоймасында үш ер адам құтқарылды

3 Шілде 2022, 06:27
1259
Бөлісу:
Қапшағай су қоймасында үш ер адам құтқарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қапшағай су қоймасында құтқарушылар үш адамды судан шығарып, құтқарып қалды, деп хабарлайды облыстың ТЖД баспасөз қызметі.

Бірінші шілде күні құтқарушылар Қапшағай су қоймасы жағажайларының бірін патрульдеп жүрген. Сол уақытта үрлемелі қайықтағы 24 жастағы жігітті желмен жағадан алыс жерде алып кеткенін байқайды. Құтқарылған тағы екі жігіт 400 метр қашықтықтан табылды.

Белгілі болғандай, шомылу кезінде 22 жастағы жігіттің аяғы құрысып қалған. 1998 жылғы жігіт өз күшін есептемей, бойын үрей билеп суға бата бастаған.

Құтқарылған барлық азамат жағаға жеткізілді. Олар медициналық көмекке мұқтаж емес. Оларға судағы қауіпсіздік ережелері және суда құтқару кеудешесінсіз жүзудің салдары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді, - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Алматы облысының ТЖД қызметкерлері азаматтарды суға шомылу маусымында барлық қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.

Еске салсақ, 26 маусым күні Қапшағайда қайғылы оқиға болды. Шомылу кезінде төрт адам суға батып кетті, оның екеуі - бала.

Өзгелердің жаңалығы