Ильхам Әлиев ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді

3 Шілде 2024, 13:07
239
Бөлісу:
Ильхам Әлиев ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді
PHOTO
Фото: Үкімет

Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына қатысу үшін Астанаға келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әуежайда оны Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев қарсы алды.

Ильхам Әлиев ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді



Қазақстан мен Әзербайжан арасында бүгінгі таңда екіжақты тауар айналымының тұрақты өсімі қамтамасыз етілген. Мәселен, 2023 жылдың қорытындысы бойынша өзара сауда 14,4%-ға өсіп, $529,4 млн-ға жетті. Биыл да оң үрдіс сақталуда: 4 айда тауар айналымы 0,5%-ға – $184,9 млн-ға дейін өсті.

Ильхам Әлиев ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді



Бұдан өзге, бүгінде Әзербайжан аумағы арқылы Еуропа бағытында қазақстандық мұнайды жеткізу жолға қойылған. Осы жылдың қаңтар-сәуір айларында барлығы 494 мың тонна мұнай жөнелтілді.

Өзгелердің жаңалығы