Елордада Automechanika Astana көрмесі өтіп жатыр

24 Маусым 2022, 15:19
1375
Бөлісу:
Елордада Automechanika Astana көрмесі өтіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 23-25 маусым аралығында Нұр-Сұлтан қаласында EXPO халықаралық көрме орталығының алаңында Automechanika Astana 2022 автокөліктерге техникалық қызмет көрсетуге арналған қосалқы бөлшектер, автоқұрамдауыштар, жабдықтар мен тауарлардың халықаралық көрмесі өтіп жатыр.

Automechanika Astana – жаңа талаптарда шетелдік серіктестерді іздеуге арналған алаң. Іс-шара Орталық Азиядағы автомобиль өнеркәсібі, дилерлік орталықтар, қызмет көрсету және жөндеу сегменттерінің өкілдері арасында нетворкинг және жаңа бизнес-шешімдерді табу үшін негізгі платформа атағына ие болды. Көрмеде автокөліктердің сатылымнан кейінгі қызмет көрсетуі үшін қосалқы бөлшектерден бастап керек-жарақтарға дейін барлығы ұсынылды.

Өз өнімдерін Ресей, Германия, Венгрия, Оңтүстік Корея, Қытай және басқа да елдердің компаниялары ұсынды.

Көрменің ажырамас бөлігі – АКАБ, KAZLOGISTICS, KAO, КазАвтоПром сарапшыларының қатысуымен болатын ақпараттық іскерлік бағдарлама. Жаңа экономикалық талаптарда автобизнесті дамытуды талқылау бағдарламаның өзегіне айналмақ.

Өзгелердің жаңалығы