Бүгін қазақстандықтар Домбыра күнін атап өтеді

3 Шілде 2022, 08:11
1356
Бөлісу:
Бүгін қазақстандықтар Домбыра күнін атап өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ,KZ. Жыл сайын шілденің алғашқы жексенбісінде елімізде Ұлттық домбыра күні аталып өтеді.

Бұл мереке ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен 2018 жылдан бері тойланып келеді.

2018 жылдың 13 маусымында қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде одан әрі топтастыру мақсатында шілденің бірінші жексенбісін Ұлттық домбыра күні ретінде белгілеу туралы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығы жарық көрді. Сол жылы шілдедегі алғашқы жексенбі 1-і күніне дөп келіп, елорданың «Қазақ Елі» монументі алдында жиналған екі мыңнан астам музыкант «Көңіл ашар», «Адай», «Балбырауын», «Ерке сылқым», «Сарыарқа» күйлерін орындаған еді.

Зерттеушілердің айтуынша, домбыра туралы алғашқы ғылыми деректер әл Фарабидің жазбаларында «тамбур» деген атпен кездеседі. Ел аузындағы аңыз бойынша әйгілі Шыңғыс ханға Жошының өлімін жеткізген де домбыра еді.

Өзгелердің жаңалығы