Берік Уәли: Біздің шешіміміз елдің ертеңі мен болашақ ұрпақтың тағдырын анықтайды

20 Мамыр 2022, 16:53
2282
Бөлісу:
Берік Уәли: Біздің шешіміміз елдің ертеңі мен болашақ ұрпақтың тағдырын анықтайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы Берік Уәли мәлімдеді.  

Конституциялық реформа – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған саяси реформалар бағдарламасын жүзеге асыру үшін қолға алынған маңызды іс-шара. Ата Заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар азаматтардың сұранысына негізделіп, жалпы қоғамның мүддесін көздейді. Ең бастысы ол өзгерістердің барлығы халықтың талқысына салынып, ой-пікіріне сәйкес референдумда қабылданғалы отыр. Осы орайда Ата заңның қазіргі және жаңа нұсқаларының айырмашылығын түсіну және ұсынылып отырған түзетулердің байыбына бару қарапайым халық үшін оңай емес, - деп атап өтті басқарма төрағасы.

Сонымен қатар ол  AMANAT партиясы жанынан құрылған арнайы штабтың жұмысы аясында еліміздің барлық өңірлерінде ақпараттық түсіндіру шаралары ұйымдастырылып жатқанын алға тартты.

Бүгін Шымкент қаласының «Оңтүстік» АЭА-да орналасқан «Әлем-БТ» ЖШС қызметкерлерімен кездесіп, Жаңа Қазақстанды құрудағы референдумның маңызын сөз еттік. Президентіміз ұсынған өзгерістер мен реформалардың іске асуына үлес қосу – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз, – деді Берік Уәли. 

Өзгелердің жаңалығы