Алматы, BAQ.KZ. Олимпиада «Елбасы Академиясы» Қоры мен Алматы облысы Білім басқармасының қолдауымен өткізіледі.
Биылғы жылы 30 мыңнан астам 5-6- сыныптағы ауыл мектептерінің оқушылары қатысады деп күтілуде. Бұл туралы «Jetisý Media» ақпараттық алаңы хабарлады.
Олимпиадаға тіркеу 20 наурызға дейін жалғасады, сондай-ақ жеңімпаздар облыстық мамандандырылған білім беру ұйымдарына оқуға түсуге мүмкіндік алады.
Олимпиада мақсаты – Қазақстан Республикасының ауылдық жерлеріндегі мектеп оқушыларының таланттары мен қабілеттерін дамыту және қолдау үшін жағдай жасау, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде оқу үшін неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды іріктеу.
Олимпиада Міндеттері:
1) ауыл мектептері оқушыларының теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын тереңдету;
2) дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, білім алушыларды іріктеу және даярлау.
Олимпиада екі кезеңде өткізіледі. І кезеңде Олимпиадаға қатысушылар онлайн - платформада танымдық ойлау деңгейін анықтау үшін кешенді тестілеу тапсырады.
Олимпиаданың I кезеңі когнитивті ойлау деңгейін анықтауға арналған кешенді тестілеуден тұрады және екі бөлімнен тұрады:
1) «Логикалық ойлау»;
2) «Кеңістіктік ойлау».
I кезеңге қатысу үшін Олимпиадаға қатысушылар тиісті жылдың күнтізбелік 30 күні ішінде онлайн-платформада тіркеуден өтеді. Тіркеу аяқталғаннан кейін күнтізбелік 15 күн ішінде қатысушылар үшін онлайн режимде тестілеуге қолжетімділік беріледі.
ІІ кезеңнің өтетін күні мен орны туралы мәліметтер, сондай-ақ олимпиаданың ІІ кезеңіне қатысушылардың тізімі компьютерлік тестілеу өткізілгенге дейінгі күнтізбелік 10 күн бұрын ресми ресурста жарияланады.
Іріктеу компьютерлік тестілеу нәтижелері бойынша жүргізіледі, оған бөлімдер бойынша оқушылардың академиялық білімін бағалау кіреді:
1) «Математикалық сауаттылық»;
2) « Қазақ тілі», қазақ тілінде оқитын оқушылар үшін;
3) «Орыс тілі», орыс тілінде оқитын оқушылар үшін;
4) «Ағылшын тілі»;
5) «Жаратылыстану».
Жеңімпаз атанған мың оқушыға Олимпиада жеңімпазының дипломы беріледі. Диплом тапсыру үшін ІІ кезеңнің жеңімпаздары күшейтілген санитариялық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, тұрғылықты өңірлері бойынша марапаттау рәсіміне шақырылады. II кезеңнің жеңімпаздарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген квотаға сәйкес дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерге қабылдау мүмкіндігі беріледі,-делінген хабарламада.
Атап айтсақ, 2021 жылғы «Мың бала» олимпиадасы Алматы облысында ұтымды өтіп, өз оңтайлы нәтижелерін көрсетті.