Індеттің беті қайта бастағаны көрініп тұр – Марат Бәшімов

16 Тамыз 2020, 12:19
1724
Бөлісу:
Індеттің беті қайта бастағаны көрініп тұр  – Марат Бәшімов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, заңгер Марат Бәшімов 17 тамыздан бастап, жеңілдетілетін карантинге қатысты пікір білдірді.

Елімізде және әлемде коронавирус туралы статистика әлі де тұрақты емес.  Бірақ індеттің беті қайта бастағаны көрініп тұр. Жалпы республика бойынша 102 287 анықталды.  Өткен тәулік ішінде Қазақстанда 439 адамның ауырғаны белгілі. Тек өткен тәуліктің өзінде ғана елімізде 439 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Өлім-жітім әлі де бар.Өлім-жітім әлі де бар. Коронавирус індетінің таралуы бірнеше есе төмендегендіктен және экономикалық өсімді қалпына келтіру үшін қатаңдатылған карантин шараларын кезең-кезеңмен алып тастау өте орынды. Ел үкіметі де 17 тамыздан бастап осындай қадамға барғалы отыр,- деді Марат Бәшімов.
Оның айтуынша, алдағы уақытта халық өзін-өзі оқшаулаудан өзін-өзі қорғауға көшуі қажет.
Бірақ шектеу шаралары әлі де сақталатын болады. Бұл дұрыс деп санаймын. Халықты қажетті тауарлармен және қызметтермен қамтамасыз ету үшін кейбір коммерциялық құрылымдар жұмысын бастайды.Алайда сенбі және жексенді күндері карантин шаралары қолданыста болатындығы белгілі. Мұның барлығы да корнавирус індетінің қайтадан өршіп, билік тағы да мәжбүрлі түрде нақты қадамдарға бармауы үшін аса маңызды. Сондықтан ендігі уақытта халық өзін-өзі оқшаулаудан өзін-өзі қорғауға көшуі қажет,- деді заңгер.

Өзгелердің жаңалығы