Індет жұқтырғандардың 70%-нан Омикрон ВА.5 штамы анықталды – ДСМ

2 Тамыз 2022, 10:42
1328
Бөлісу:
Індет жұқтырғандардың 70%-нан Омикрон ВА.5 штамы анықталды – ДСМ
Фото: primeminister.kz

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният бүгін өткен Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.                              

Бүкіл әлемдегі сияқты, Омикрон ВА.5 штамының нұсқасы тудырған COVID-19-дың кезекті толқыны ағымдағы жылғы шілдеде елімізде жүргізілген генетикалық зерттеу нәтижелері бойынша зерттелген үлгілердің 70%-да анықталды. Бұл нұсқа жоғары жұқпалығымен сипатталады және Дельта нұсқасымен салыстырғанда әлдеқайда ауру жеңіл өтеді, - деп атап өтті еліміздің бас дәрігері. 

Айтуынша, бұл науқастардың 94%-дан астамы амбулаториялық жағдайда емделеді. 

Стационарлық ем қабылдайтын пациенттерді талдау кезінде 36%-ы 18 жасқа дейінгі балалар, 64%-ы ересектер екені, ал ауырған барлық адамдның 52%-да қосалқы созылмалы хроника аурулары бар екені анықталды. Өткен жылмен салыстырғанда КВИ-ға күдікті жедел медициналық көмекке шақырулар саны 3,7 есеге азайғанын атап айтқым келеді, бұл көрсеткіш те аурудың жеңіл түрде өтіп жатқанын айқындайды, - деді ведомство басшысы. 

Еске сала кетейік, министр жеті күннен бері Алматыда эпидахуал тұрақты екендігін айтқан болатын. 

Өзгелердің жаңалығы