ШҚО-да індет жұқтырған соңғы науқас жайлы мәлімет

4 Мамыр 2020, 23:43
1336
Бөлісу:
ШҚО-да індет жұқтырған соңғы науқас жайлы мәлімет

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 адам тіркелді. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.

Семейде тағы бір адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. 1972 жылғы азамат осы қалада бір отбасында тіркелген соңғы үш жағдай бойынша байланыста болған адамдар қатарында болған. Зертханалық талдау нәтижелері осы азаматтың да COVID-19 вирусын жұқтырғанын көрсетті. Қазіргі таңда ол жұқпалы аурулар стационарына ауыстырылды. Ауру ошақтаынрда дезинфекциялық іс-шаралар өткізілді - делінген хабраламада.

4 мамырдағы жағдай бойынша Шығыс Қазақстан облысының аумағында коронавирус инфекциясын жұқтырған 30 адам тіркелді. Оның үшеуі сырттан әкелінген.

Өзгелердің жаңалығы