Індет жұқтырған тағы 4 адам тіркелді

10 Сәуір 2020, 22:31
1754
Бөлісу:
Індет жұқтырған тағы 4 адам тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус індетін жұқтырған тағы 4 адам тiркелді. Бұл туралы коронавирус індетінің еліміздегі ресми ақпарат көзі хабарлады.

Олар, Жамбыл облысында - 1 адам, Атырау облысында - 1 адам, Нұр-Сұлтан қаласында - 2 адам.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 228 адам, Алматы қаласында – 123 адам, Қарағанды облысында - 61 адам, Ақмола облысында - 61 адам, Атырау облысы - 48 адам, Жамбыл облысында - 46 адам, Шымкент қаласында - 31 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 6 адам, Алматы облысында - 10 адам, Ақтөбе облысында - 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 25 адам, Павлодар облысында - 4 адам, Маңғыстау облысында - 9 адам, Қызылорда облысында - 105 адам, Батыс Қазақстан облысында - 6 адам, Түркістан облысында - 35 адам, Қостанай облысында - 3 адам, жалпы 812 науқас тіркелді.

Қазіргі кезде қатерлі індеттен жазылып шыққандар - 64 адам, қаза болғандар - 10 адам.

Өзгелердің жаңалығы