Індет кезінде жұмылдырылған барлық қызметкер экспресс тестен өтеді

8 Сәуір 2020, 13:14
1458
Бөлісу:
Індет кезінде жұмылдырылған барлық қызметкер экспресс тестен өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде елордадағы коронавирустық инфекцияға байланысты атқарылып жатқан іс шаралар жайында Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова баяндап берді. 

Инфекциялық стационарда ауыр халдегі індет жұқтырған науқастарымыз үшін республикалық орталық ашылды. 2-ші сәуірден бастап кардиохирургиялық орталықта жоғары дәрежедегі мамандарымыздың көмегімен интенсивті терапия бөлімі жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар, пульмонологиялық  госпитальдің де жұмыс жасап жатқандығын атап өтуім керек. Темір жол ауруханасындағы терапиялық бөлімде  150 орынға шақталған. Вирустық инфекция жұқтырған науқастарды тәулік бойы №2 емханада қабылдайды-деді басқарма басшысы.

Медициналық қызметкерлердің өздерінің арасында бірнеше іс-шаралар ұйымдастырылуда. Коронавирусты емдеуші дәрігерлер індетті жұқтырып алмас үшін 700-ге жуық қызметкерлерді қаланың арнайы қонақүйіне жатқызылған. 
Ол жерде барлық жағдай жасалған. 3 мезгіл тамақ беріледі. Жұмысқа алып баратын арнайы көлік берілді. Сонымен қатар, науқастармен және оларды емдеуші қызметкерлермен арнайы психологтар да жұмыс атқарады. Елбасының жарлығына сәйкес 1469 медициналық қызметкерлерге, оның ішінде 163 дәрігерге, 683 орта қызметтегі дәрігерлерге және 623 кіші дәрігерлерге  осы жылдың наурыз айынан 150 млн теңгені құрайтын сыйақы бөлінді. Оған қоса, "Бізбіргеміз" қорынан індет жұқтырған науқастармен тікелей қызмет атқарып жүрген дәрігерлерге 25 млн теңге көлемінде сыйақы тағайындалды, - деп атап өтті спикер. 

Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласынын аймағындағы қойылған 7 блокпосттарда 52 дәрігер жұмыс атқарады. Өз жұмыс кестелеріне сәйкес,тұрғындарды тексеріп, бақылап отырады. 
Осы күнге экспресс тестер әкелінеді деп күтілуде. Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша экспресс тестілеу қатаң түрде өткізіледі. Бұл тестілеуден барлық медициналық қызметкерлермен қатар, короновирустың алдын-алу мақсатында жұмыс атқарып жүрген мемлекеттік және мемлекеттік емес қызметкерлер өтетін болады. Бүгіннен бастап қолға алынатын болады, - деді Сәуле Қисықова.
Сонымен қатар, барлық медициналық мекемелер мен оның ішіндегі қызметкерлер барлық сақтық шараларына қажет құралдармен қамтамасыз етілгендігін тілге тиек етті.

Еске сала кетейік, осыған дейін Сәуле Қисықова індет жұқтырған елордалық бес науқастың жағдайы ауыр екенін айтты.


Өзгелердің жаңалығы