Індет жұқтырған елордалық бес науқастың жағдайы ауыр 

8 Сәуір 2020, 12:41
1658
Бөлісу:
Індет жұқтырған елордалық бес науқастың жағдайы ауыр  

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде елордадағы коронавирустық инфекцияның қазіргі жағдайы туралы Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова баяндап берді. 

Елордамызда вирусты жұқтырғандардың жалпы саны 222-ге жетті. Оның ішінде 46%-ы ер, 54%-ы әйел адамдар. Және 43%-ы 30-49 жас аралығындағы азаматтар болса,  27%- 18-29-ға дейінгі жастарды құрап отыр. 17%-ы 50-59 жас аралығындағы ересектер, 9%-ы 60-69 жас аралығындағы тұрғындар болса, 1%-ы  70-одан жоғары егде жастағы тұрғындарды құрайды. 3%-ы 18-ге толмаған жасөспірімдер ауырған.  28 науқас адам толығымен жазылып шықты-деді спикер.
Қазіргі таңда елорда ауруханаларында 493 тұрғын толығымен ем қабылдап жатыр. Оның 203 –і каронавирустан емделушілер. Оның ішіндегі 10 науқас Ақмола облысының тұрғындары болып шықты. 
Айта кететін жайт, 5 науқастың жағдайы бүгінгі таңда ауыр халде. Оның үшеуі жасанды өкпені желдету аппаратына қосылған. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем шаралары жүргізілуде. Басқа науқастардың жағдайы қалыпты- деп атап өтті Сәуле Қисықова.

Бүгінгі күнге дейін, Нұр-Сұлтан қаласында 28 қаңтардан бастап 6315 қала тұрғыны бақылаудан  және емделуден өткен. Оның 202-сі 18-ге толмаған жасөспірімдер.



Өзгелердің жаңалығы