Індет басталғалы бері Қазақстанда 170 098 жағдай тіркелді

19 Қаңтар 2021, 09:37
1994
Бөлісу:
Індет басталғалы бері Қазақстанда 170 098 жағдай тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында елдегі эпидемиологиялық-санитарлық ахуал туралы баяндамасында айтты.

Бүгінгі күнге дейін 220-ға жуық елде 95 млн-нан аса КВИ жағдайы тілкелді. 2 млн-нан аса адам қайтыс болды. Әлемдегі өлім-жітім көрсеткіші 2,1 пайызды құрап отыр. ДДҰ-ның 6 аймағынының үшеуінде, атап айтсақ, Америка, Тынық мұхитының батыс бөлігі мен Африкада халық арасында індетті жұқтырушылар саны артуда. Еуропа, Шығыс Жерорта теңізі аймақтарында төмендеу белгілерінсіз ауру жұқтырудың тұрақты жоғары деңгейі байқалады. Тек Оңтүстік-шығыс Азияда сырқаттанудың төмендеу көрсеткіші бар, - деді министр.

Цой айтқандай, көрсеткіш бойынша Қазақстан орташа тәуекел аймағына жатады. Түркия мемлекеті сияқты Қазақстанда «сары аймақта».

Жоғары тәуелкел аймағына, яғни «қызыл аймаққа» Украина, Ресей Федерациясы, Беларусь, Германия, Италия, Франция, Араб Әмірліктері кіреді. Ал Оңтүстік Корея мен Сипнапур «жасыл аймақта», - деп айтты Денсаулық сақтау министрі.

Індет басталғалы бері Қазақстанда ПТР тест анықтамасы оң 170 098 жағдай тіркелді. 46 866 тест нәтижесі теріс жағдай тіркелді. Індеттен 154 449 (КВИ-) адам, 34 656 (КВИ+) науқас емделіп шықты. Қайтыс болғандар саны 2 349 (КВИ+) және КВИ теріс нәтижесі бар 542 адам қайтыс болды.

Соңғы тәулікте, яғни 18 қаңтарда ПТР-анықтамасы оң 999 жағдай тіркелсе, теріс 18 жағдай тіркелді. Оның ішінде 9 адам қайтыс болды. Министрлік матрицаға сәйкес эпидемиялық жағдайға бағалау жүргізеді, - деп түсіндірді Цой.

Өзгелердің жаңалығы