Импортқа тәуелділік халық пен бизнестің долларлануын шектейді

15 Қаңтар 2022, 13:52
1276
Бөлісу:
Импортқа тәуелділік халық пен бизнестің долларлануын шектейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова хабарлады. Оның айтуынша, импорт өсуін жалғастырып, теңгеге қысым көрсетуде.

Салымдарды долларсыздандыру немесе долларландыру бойынша бұдан былайғы серпін және төлем балансының жай-күйі теңге үшін айқындаушы ішкі факторлар болып табылады. Мұнай бағасы ұлғайып, қазақстандық экспорт көлемінің өсуіне ықпал еткеніне қарамастан, импорт та өсуін жалғастырып, теңгеге қысым көрсетуде. Импортқа тәуелділік халық пен бизнестің долларлануын шектейтін себептердің бірі, - деді Әлия Молдабекова.

Сондай-ақ ол биыл импортқа тәуелділікті төмендетуге бағытталған шараларға тоқталды.

Мемлекет басшысы монетарлық саясаттың тиімділігін арттыруға ерекше назар аударып, орнықты экономикалық өсу үшін валюта нарығында тұрақтылықты қамтамасыз етудің маңызды рөлін нақты атап өткені белгілі. Үкімет пен Ұлттық Банктің бірлескен күш-жігері 2022 жылы және орта мерзімді перспективада импортқа тәуелділікті төмендетуге бағытталатын болады. Сондай-ақ инфляцияны нысаналы дәліз деңгейіне дейін тұрақтандыру және төмендету ескеріледі. Бұл валюта нарығындағы теңгерім мен тұрақтылыққа ықпал етеді, - деп атап өтті Ұлттық банк өкілі.

АҚШ ФРЖ мөлшерлемелерінің артуы – экономикасы дамушы нарықтар үшін АҚШ долларының нығаюына, нәтижесінде капиталдың әкетілуіне және ЕМ елдері үшін қарыз алу құнының артуына әкеп соқтыратын теріс фактор. Екінші жағынан, кейбір талдаушылар 2021 жылы АҚШ доллары бағамының жаһандық нығаюы мөлшерлеменің күткеннен де тез арту сценарийінің іске асатыны жөніндегі күтудің қалыптасып қалғанын атап өтті. Сондықтан, біз қаржы нарықтарындағы қазіргі ахуал сақталған жағдайда, АҚШ долларының айтарлықтай нығаюын күтпейміз.

Өзгелердің жаңалығы