Императорлар сусыны: Қытай шайының құпиялары

19 Тамыз 2022, 10:59
3470
Бөлісу:
Императорлар сусыны: Қытай шайының құпиялары
PHOTO
Фото: автордан

Қытай халықаралық баспасөз орталығының 2022 жылғы бағдарламасына қатысып жатқан журналистер Шэньси провинциясындағы ауылдық округтерді аралап, Чанъань ауылындағы шай плантациясында болды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Аспан асты еліндегі шай плантациялары да туристер баратын әдемі жерлердің біріне айналған. Бұл ретте шетелдік БАҚ өкілдері Шэньси провинциясына ұйымдастырылған баспасөз турында Қытай шайының қалай өндірілетінін көрді.

Журналистер Чанъань ауылындағы шай плантациясына барып, шай өндірісімен айналысатын зауыттың бірінде болды.

Императорлар сусыны: Қытай шайының құпиялары

Чанъань кентінің ауданы 227 шаршы шақырым, халық саны 20 510 адам. Мұнда шамамен 5 857 үй бар. Ауыл тұрғындары негізінен шай және бес жапырақты гиностемма өсірумен айналысады. Ауыл аумағында шамамен 1,4 мың гектар экскурсиялық шай плантациясы салынған. Мұнда жасыл, сары, ақ және қара түсті сорттарды өсіретін шай сусынының 67 ірі шаруашылығы, 18 шай өңдеу зауыты, орталық, провинциялық және қалалық деңгейдегі 12 жетекші кәсіпорын, сондай-ақ провинциялық және муниципалды деңгейдегі 8 шай сусынының өнеркәсіптік паркі бар. Олардың ішінде 5 кәсіпорын шай өнімдеріне ЕО сертификатын алған. 

2021 жылы ауылдағы шай сусындарының өндірісі 310 миллион юаньға жеткен. Сондай-ақ Чанъаньдағы шай плантациясы «Қытайдың ең әдемі алаңы» ретінде таңдалған. 

Императорлар сусыны: Қытай шайының құпиялары

Жоғарыда атап өткеніміздей, жергілікті тұрғындар шай плантациялары мен оны өңдеу зауыттарында жұмыс істейді. Шаруалардың жалақысы айына 3 000-6 000 юань (210 600-421 200 теңге).

Императорлар сусыны: Қытай шайының құпиялары

Зауытта шай жапырақтарын кептіріп, оны турайтын арнайы техника бар. 

Ал оны қолмен кептіру үшін алдымен бумен өңдеп алады. Кейін асты қызып тұрған қазанда біраз уақыт бойы кепкенше араластырып отырады. 

Императорлар сусыны: Қытай шайының құпиялары

Шетелдік журналистер шай кептіру әдісін де үйреніп көрді.

Императорлар сусыны: Қытай шайының құпиялары

Шай өндіруге арналған құрылғы арқылы шай жапырақтарын кептіріп аламыз. Бұл бірінші қадам. Екінші қадамда жапырақтар кеуіп, түрлі пішінге келеді. Содан кейін шай жапырақтары сұрыпталады. Бұл үрдістің барлығы автоматты құрылғы арқылы жасалады. 

Императорлар сусыны: Қытай шайының құпиялары

Зауытта жасыл шайдан басқа, ақ, қара (қызыл), сары шай да өндіріледі.

Императорлар сусыны: Қытай шайының құпиялары

Шай сұрыптау процесінен өткен соң оны зауыт қызметкерлері ыстық аппаратта дөңгелек пішінге келтіріп, орайды.

Қытай шай рәсімі

Енді Қытайдың шай ішу мәдениетіне тоқтала кетейік.

Бейжің шетел тілдері университетінің оқытушысы, каллиграфия мен шай рәсімін үйретуші Чэнь Чэнь Қытай халықаралық баспасөз орталығының бағдарламасына қатысушы журналистерге «Қытай шай рәсімі» туралы шеберлік сабағын өткізді.

Императорлар сусыны: Қытай шайының құпиялары

Университет оқытушысы алдымен шай рәсімінің шығу тарихына тоқталды.

Оның сөзінше, ел арасында шайды Шэнь Нун ашқаны туралы аңыз бар. Айтуынша, шай ұзақ эволюциялық кезеңнен өткен. Ол аңыз болған Нефрит императоры Шэнь Нун дәуірінен, яғни 5 мың жыл бұрын басталады.

Императорлар сусыны: Қытай шайының құпиялары

Шай мифологиясында Шэнь Нунның шайды әлемге қалай ашқаны туралы екі аңыз бар. Бірінші аңыз бойынша, Нефрит императоры Сычуань тауларында улы өсімдіктің дәмін татып, хал үстінде болған. Шэнь Нун шай ағашының астында әлсіреп жатқанда жапырақтан бір тамшы су аузына тамып, күш-қуат береді. Екінші аңыз бойынша, Шэнь Нун шөптер энциклопедиясын құрастырып, уланған өсімдіктерді 72 күн бойы сынап көрген, - деді Чэнь Чэнь.

Императорлар сусыны: Қытай шайының құпиялары

Оның айтуынша, Шэнь Нунның шын мәнінде болғаны не болмағанын тарихи деректермен дәлелдеу мүмкін емес. Алайда Қытайда оның шөптің барлық түрінің дәмін татқаны туралы аңыз таралып кеткен.

Ағаш жапырақтарынан шай жапырақтарына дейін

Батыс Чжоу әулетінің алғашқы жылдарында (б.з.б. 1046 - 771 ж.) Сычуань аймағында шай ағаштары өсірілді. Шай сонымен қатар пісіруге, жеуге және сусын ретінде ішуге болатын көкөніс ретінде қабылданды. Чжоу патшасы Ву тұсында «ву шайы» салық ретінде жазылған. І ғасырда отырғызылған ең ерте жасанды шай Мэндин тауынан табылған, - деп түсіндірді оқытушы.

Императорлар сусыны: Қытай шайының құпиялары

Сөзінше, аты аңызға айналған хирург Хуа Туо (141-203) шай ішудің денсаулыққа пайдасын жазған. Ал Вэй-Цзинь және Оңтүстік пен Солтүстік (220-589) династиялары кезінде шай өсіру дами түскен.

Императорлар сусыны: Қытай шайының құпиялары

Қытайда шай дайындау – ерекше назар аударатын өнер. Императорлар мен оның қасындағыларға тек жоғары сапалы жапырақты сорттар қайнатылған, ал қарапайым адамдар ұсақ жапырақты шайдан жасалған сусын ішкен.

Императорлар сусыны: Қытай шайының құпиялары

Оқытушы Чэнь Чэнь шайдың қалай дайындалатынын түсіндіріп өтті.

Алдымен бос шәйнекке қайнатылған су құйып аламыз. Сосын шай салынған екінші шәйнекке осы қайнаған суды құямыз. Шай дайындау рәсімінің ең маңызды бөлігі – суды дұрыс таңдау. Өйткені сапалы таңдалған су шайдың толық демделіп, дәмінің шығуына кепілдік болады. Суды саздан жасалған шәйнекке қайнату керек. Шәйнектің мөлшері қонақтардың санына байланысты таңдалады. Шай ішу дәстүрі тек қайнату және шай ішу рәсімінен ғана тұрмайды. Мұнда дұрыс таңдалған музыканың да рөлі зор. Себебі шай ішу рәсімін музыкасыз елестету мүмкін емес, - дейді шай дайындаудың шебері.

Императорлар сусыны: Қытай шайының құпиялары

Қытай шай рәсімі үшін шайдың байлығын, тереңдігін, хош иісі мен дәмін бағалау маңызды. Сонымен қатар олар осы сусынмен берілген көңіл-күй мен атмосфераға үлкен мән береді.

Императорлар сусыны: Қытай шайының құпиялары

Одан бөлек, шай ішу рәсімінде арнайы ыдыс жиынтығы болуы қажет. Себебі шай ішуде қолданылатын әр зат өте маңызды рөл атқарады. Мысалы, Исин шәйнегі, шыныаяқтар немесе кішкентай кеселер, қасық, елек, үстел, қысқыш, т.б.

Императорлар сусыны: Қытай шайының құпиялары

Қытайдың шай дәстүрі қытайлар үшін өте маңызды. Ол жанды тыныштандырып, денені босаңсытады, емдейді және адамдардың басын біріктіреді. Дұрыс өткізілген рәсім күнделікті күйбең тіршілікті бір сәтке ұмытуға, ішкі энергияны толықтыруға мүмкіндік береді. Табиғи таза шай денені зиянды токсиндерден, ал миды қажетсіз және бос ойлардан тазартады.

Императорлар сусыны: Қытай шайының құпиялары

Айта кетейік, Шэньси провинциясына ұйымдастырылған баспасөз туры Сиань қаласында өткен «Бір белдеу, бір жол» медиа ынтымақтастығы форумы аясында ұйымдастырылды. Іс-шараны «Жэньминь жибао» газеті (People’s Daily) өткізді. Оған Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Грузия, Әзербайжан, Армения, Беларусь Республикасы, Латын Америкасы, Оңтүстік Корея, Мысыр, Ресей және басқа да елдер қатысты.

Шэньси провинциясындағы баспасөз туры елдер арасындағы мәдени байланысты нығайту мақсатында ұйымдастырылды. Бұл ретте биыл Қазақстан мен Қытай дипломатиялық байланыстың 30 жылдығын атап өтіп жатқанын еске сала кетейік. 

Өзгелердің жаңалығы