Орталық Азия волонтерлары қандай мәселелерді талқылайды?

19 Тамыз 2022, 10:58
1166
Бөлісу:
Орталық Азия волонтерлары қандай мәселелерді талқылайды?

Елордадағы  Орталық Азия волонтерлары  форумының пленарлық сессиясына 600-ге жуық адам қатысып жатыр, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.

ҚР АҚДМ-ның Азаматтық істер  жөніндегі комитеттің төрағасы Мадияр Қожахмет сессия кулуарында волонтерлық қозғалыс 2016 жылы заң қабылданған соң белсенді бола түскенін айтты.

Орталық Азия волонтерлары қандай мәселелерді талқылайды?

Мемлекет басшысы 2020 жылды Волонтер жылы деп жариялады. Оның аясында бірқатар жобаларға қаржы бөлінді. Жол картасы жұмыс істеп жатыр. Пандемия, Жамбыл облысында болған оқиғалар волонтерлық күштің үрдісі жоғары күшке ие болды. 3 мыңнан астам волонтер әртүрлі салада жұмыс істеді. Олардың белсенді мүшелері бүгінгі форумға қатысып жатыр,- деді ол.

Бүгінгі форумға жетім балалармен жұмыс істейтін "Тәлімгер" жобасының үйлестірушісі Бекназар Қазиев те қатысып жатыр.

Орталық Азия волонтерлары қандай мәселелерді талқылайды?

Біз жетім балаларды әлеуметтендіруге бағытталған жоба. Өзім волонтерлықпен 15 жылдан астам уақыт бойы айналысып келемін. Ол жанның таңдауы деп ойламын. Еріктілер форумда көрші елдермен бірлесіп ортақ мәселелерді талқылайды. Мысалы, жұмыспен қамту, мүгедектігі бар адамдармен жұмыс істеу, жетім балалармен жұмыс мәселелерін талқылаймыз,- деді ол.

Форумға  Қазақстанның барлық өңірі мен көршілес Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Түркіменстан, Түркия, Армения, Ресей және Беларусь Республикасынан 200-ден астам делегат қатысып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы