Иманғали Тасмағамбетов жаңа қызметке тағайындалды

18 Мамыр 2022, 14:05
1815
Бөлісу:
Иманғали Тасмағамбетов жаңа қызметке тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Иманғали Тасмағамбетов Қазақстан гольф федерациясының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлады ұйымның баспасөз қызметі.

Қазақстан гольф федерациясының бас хатшысы Ербол Бұхарбаев Федерация Президиумының отырысы шешімімен Иманғали Тасмағамбетов Қазақстан гольф федерациясының президенті болып сайланғанын хабарлады.

 Федерацияның құрметті президенті ретінде Нұртай Әбіқаев тағайындалды.

Тасмағамбетов 1993 жылдан 1995 жылға дейін Қазақстан Президентінің көмекшісі, 1995-тен 1997 жылға дейін премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарған. Сондай-ақ түрлі уақытта Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары және Президенттің бірінші көмекшісі қызметтерін атқарған. 

2002 жылы премьер-министр, 2003 жылы мемлекеттік хатшы болып тағайындалған. 

Кейін Алматы қаласының (2004-2008), елорда әкімі (2008-2014) болған.

2014 жылғы 22 қазанда Тасмағамбетов Қазақстан қорғаныс министрі болып тағайындалған. 

2016 жылғы 13 қыркүйекте Премьер-министрдің орынбасары болған еді. 

2017 жылғы 3 ақпаннан бастап Ресейдегі төтенше және өкілетті елші болып жұмыс істеген.

2019 жылғы желтоқсанда Иманғали Тасмағамбетов зейнет жасына толуына байланысты Қазақстанның Ресейдегі елшісі қызметінен босатылған еді.

Өзгелердің жаңалығы