Иманбектің тағы бір туындысына бейнебаян түсірілді

25 Сәуір 2021, 17:44
1612
Бөлісу:
Иманбектің тағы бір туындысына бейнебаян түсірілді
VIDEO

Алматы, BAQ.KZ. Грэмми сыйлығының иегері Иманбек Зейкенов «Dancing On Dangerous» трегін 9 сәуір күні таныстырған. Бүгін оның жаңа бейнебаяны жарық көрді. 

Ямайкалық 48 жасар дэнсхолл-орындаушы Шон Пол, мексикалық-америкалық әнші София Рейс және Иманбек бірігіп шығарған туынды желіде пайда болды. 

Бейнебаянды осы уақытқа дейін 700 мыңға жуық адам көрген.


Еске салсақ, Roses SAINt JHN композициясына ремикс жасаған Ақсу қаласының тұрғыны Иманбек Зейкенов биыл «Грэмми» сыйлығын иеленген.

Ол ресейлік бағдарламаларға да шақырылды. Оның ішінде көпке белгілі «Вечерний Ургант», Comedy Club сынды бағдарламаларға қатысып, өзінің қарапайымдылығымен жұртты тәнті еткен еді.

Музыкалық сыйлығы үшін оны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі құттықтаған болатын.

Өзгелердің жаңалығы