Тоқаев Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтады

24 Желтоқсан 2019, 16:30
5830
Бөлісу:
Тоқаев Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтап, әзербайжан халқының игілігі жолында атқарып жатқан мемлекеттік қызметіне сәттілік тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев  Ильхам Әлиевтің екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалап, Қазақстанның екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға мүдделі екенін атап айтты.

Өзгелердің жаңалығы