Ілеспе жүкқұжаттар айналымын электронды бақылау тізбегі қандай?

4 Наурыз 2021, 13:55
2996
Бөлісу:
Ілеспе жүкқұжаттар айналымын электронды бақылау тізбегі қандай?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тауарларға ілеспе жүкқұжаттардың тауар айналымын электронды бақылау тізбегіндегі маңызы қандай, ал салық төлеушілердің нені білуі керек, осы туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті айтып берді.

Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды енгізу (ТІЖ) түпкілікті тұтынуды немесе экспортты қоса алғанда, импорттан/өндірістен бастап барлық өткізу тізбегі бойынша тауар айналымын автоматты бақылауды қамтамасыз ету мақсатында іске асырылған қадағалап отыру жүйесінің соңғы элементі. ТІЖ ресімдеу «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінің «Виртуалды қойма» модулінде жүзеге асырылады.

Модульдің функционалы кедендік ресімдеуден кейін импортталған тауар автоматты режимде сыртқы экономикалық қызметке қатысушының Виртуалды қоймасына кіріске алынатындай етіп құрылған.

Одан әрі сату үшін ТІЖ ресімдеу Виртуалды қоймадан тауарды таңдау жолымен жүзеге асырылады. Бұл ретте Виртуалды қоймадағы барлық ақпарат (тауардың атауы, СЭҚ ТН коды, өлшем бірліктері, тауардың шығу көздері бойынша ақпарат) құрылатын ТІЖ-де автоматты түрде толтырылады, бұл мәліметтерді енгізудің қайталануын болдырмауға мүмкіндік береді. Өткізілетін тауарлардың санын көрсеткен кезде, жүйе Виртуалды қоймада мұндай мөлшердің бар-жоғын автоматты түрде тексереді және егер тауарды өткізуде қоймадағы қалдықтардан көп мөлшерде көрсетілсе, экранда қате туралы хабарлама шығады. Осылайша, декларацияланған көлемдер шегінде тауарларды өткізуді автоматты түрде бақылау жүзеге асырылады, - делінген ақпаратта.

ТІЖ ресімделгеннен кейін сатып алушы ТІЖ растағанға дейін жүйе резервке қояды. Бұл ТІЖ ресімдеу үшін тауар кездейсоқ таңдалмауы үшін жасалады.

ТІЖ расталғаннан кейін, алынған тауарлар ТІЖ-де көрсетілгенге сәйкес келеді дегенді білдіреді, тауарлар автоматты түрде жеткізушінің Виртуалды қоймасынан сатып алушының Виртуалды қоймасына ауыстырылады.

Осылайша, қадағалап отыру жүйесінің маңызды элементтері тауарды тиеп жөнелту басталғанға дейін тауардың қозғалысын сүйемелдеу құжатын ресімдеу, сондай-ақ құжатты растау немесе қабылдамау мүмкіндігі болады.

Іс жүзінде мұндай талаптарға жауап беретін құжат ТІЖ нысанын әзірлеу кезінде негіз ретінде алынған З-2 нысаны бойынша тауарды тарапқа жіберуге арналған жүкқұжат болды. ЭШФ тауарға ілеспе құжат ретінде пайдаланылуы мүмкін емес, өйткені ол тауар тиеп жөнелтілгеннен кейін 15 күн ішінде жазып беріледі және ЭШФ ауытқуы көзделмеген. ЭШФ жазып беру мерзімдерін қысқарту жөніндегі ұсыныстарды, сондай-ақ негізгі ЭШФ-ны қабылдамау жөніндегі нормаларды салық төлеушілер қолдамағандықтан, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген Салық кодексінде ТІЖ-ның жаңа салық және бухгалтерлік құжаты көзделген, - делінген хабарламада.

ТІЖ қолдануға «жеңіл» көшуді қамтамасыз ету үшін жыл басынан бастап Пилоттық жоба іске қосылды, оның шеңберінде айыппұл санкциялары қолданылмайды.

Пилоттық жобаны жүргізу, соның ішінде салық төлеушілердің ұсыныстары бойынша функционалды пысықтауға, сондай-ақ шаруашылық операциялардың барлық түрлері үшін оның қалай жұмыс істейтінін тексеруге мүмкіндік береді.

Пилотты іске қосу кезінде бағдарламалық қамтамасыз етуді жеткізушілер, оның ішінде 1-с өз өнімдеріндегі барлық қателерді жоюға үлгермеді не өздерінің ERP-жүйелерін пысықтауға үлгермеді, осыған байланысты ТІЖ ресімдеу үшін мұндай салық төлеушілерге ҰКО (Ұлттық куәландырушы орталығы) тегін ЭЦҚ негізінде ЭШФ АЖ сайтында тегін жұмыс істеу мүмкіндігін пайдалану ұсынылды.

Бұдан басқа, ТІЖ және ЭШФ ресімдеуді PLAY MARKET-те қолжетімді ЭШФ АЖ тегін мобильді қосымшасының көмегімен жүзеге асыруға болады. Бұл ретте ТІЖ және ЭШФ осындай ТІЖ негізінде ресімдеу мерзімдері ұзартылады, яғни әкімшілік жауапкершілік туындамайды, - деді комиттете.

ТІЖ енгізу, ТІЖ ресімдеуге алғашқыда барынша дайындалған, бұған дейін акцизделетін тауарларға ілеспе жүкқұжаттар жазып берген және «Виртуалды қоймада» жұмыс істеген салық төлеушілерді тарту арқылы кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

Сонымен бірге, салық төлеушілер ТІЖ-мен жұмысты реттеп, контрагенттермен өзара қарым-қатынастарын қайта құруға үлгермеді, осыған байланысты ТІЖ бойынша Пилоттық жобаны жүргізу мерзімдері ұзартылуда:

1)    акцизделетін тауарлар бойынша – 2021 жылғы 1 шілдеге дейін;

2)    ЕАЭО-дан әкелу/ЕАЭО-ға әкету бойынша – 2021 жылғы 1 шілдеге дейін;

3)    Виртуалды қойманың тауарлары бойынша (ҚР ҚМ №384 бұйрығы) – 2021 жылғы 1 қарашаға дейін.

ДСҰ алу Тізбесіндегі тауарларға және цифрлық таңбалау тауарларына ТІЖ бойынша Пилоттық жобаның басталу мерзімі 2021 жылғы 1 ақпаннан 2021 жылғы 1 шілдеге, аяқталу мерзімі – 2021 жылғы 1 шілдеден 2022 жылғы 1 ақпанға ауыстырылады.

Өзгелердің жаңалығы