Іле Алатауында жоғалып кеткен екі бала табылды

24 Қыркүйек 2023, 20:19
1060
Бөлісу:
Іле Алатауында жоғалып кеткен екі бала табылды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

23 қыркүйекте сағат 20:10-да Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші-диспетчерлік бөліміне Іле Алатауында жоғалып кеткен екі жасөспірімнен хабарлама түсті. Жедел-құтқару жасағының тобы іздеуге жолға шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ-ге сілтеме жасап.

Зардап шеккендермен байланыс орнаттық, жасөспірімдер Кумбель шыңы аймағындағы туристерді құтқаруға арналған таудағы лашық үйлердің бірін паналаған. Құтқарушылар жасөспірімдерге сағат 3:38-де жетті. Тауда қар көп болғандықтан, жастардың киімдері су болып қалған екен. Құтқарушылар оларға жылы шұлық беріп, киімдерін кептіріп, сағат 5: 20-да тау басынан түсе бастады. Жас туристер Көк-Жайлау - Үш ағайынды - Құмбел бағытымен жүріп, сол жерден Горельник шатқалына түсе бастағаны анықталды. Алайда, жас туристтер уақытты есептемей, қараңғы түсе бастаған соң, жолды қысқартуға шешім қабылдаған. Олар жолдан шығып, адасып қалған. Жасөспірімдер дер кезінде дұрыс шешім қабылдады: дереу құтқарушыларға қоңырау шалып, арнайы таудағы лашық үйге барып, паналаған, - деп жазды ведомстводан.

ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары еске салады: тауға қарай бағыт алсаңыздар, оралу уақытын есептеңіздер, бағыттың көп бөлігін күндізгі уақытта жүріп өтіңіздер. Құтқарушыларды шақыру үшін мына нөмірлерді есте сақтаңыздар: 112 немесе 8(727)372-15-60 (Республикалық жедел-құтқару жасағы).

Өзгелердің жаңалығы