Іле Алатауында қар көшу қаупі бар

16 Наурыз 2023, 08:41
679
Бөлісу:
Іле Алатауында қар көшу қаупі бар
Фото: 24.kz

Биыл қардың қалың түсіп әрі көктемде күннің күрт жылуына байланысты Іле Алатауында қар көшу қаупі бар, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kz-ке сілтеме жасап.

Тұрғындарға қауіп болмас үшін «Қазселденқорғау» мекемесі мен алматылық құтқарушылар беткейдегі қарды алдын ала түсіріп, қам жасап жатыр.

Бұл Үлкен Алматы көлінің маңы. Бүгінгі таңда көлге апаратын жол жабық. Дегенмен мұнда адам қарасы аз емес. «Қазселденқорғау» мекемесі мамандарының айтуынша көшкін көбіне түстен кейін, күн қызғанда жүреді. Мұнда Тянь-Шань астрономиялық обсерваториясы секілді бірнеше ірі нысан бар. Сондықтан профилактикалық қар көшкінін жасау көктемде тұрақты жүргізіліп тұрады. Дайындыққа 6 сағат кетті. Операцияға Төтенше жағдайлар департаментінің, Республикалық жедел құтқару жасағымен қатар өнеркәсіптік жарылыстарды жасайтын компания қызметкерлері қатысты. Қалың қарды бұзу үшін 180 келіге жуық жартылай сұйық эмульсионды жарылғыш зат қолданылды.

Қазір күн аздап суытқанымен, көп ұзамай қайта жылиды. Сондықтан абай болған жөн. Ең әуелі, тұрғындардың қауіпсіздігін ойлаймыз. Әсіресе таулардың солтүстік, солтүстік-шығыс беткейлері қауіпті. Ол жерлерде қар өте қалың. Ол жаққа шығудың өзі қорқынышты. Кейде қар көлік жолдарында басып қалады. Күні кеше Алматы облысында көшкін жүріп Есік көліне баратын жолды бітеп тастаған. Іле Алатауы ұлттық паркінің қызметкерлері де құрсауда қалыпты. Алматы маңындағы тауларда тұрғын үйлер мен басқа да нысандар көп. Көшкін қатты жүрсе оларға да зиян келтіруі мүмкін, – дейді гляциолог Борис Крутских.

Космостанция және Үлкен Алматы арасында жүретін жолдың қауіпсіздігін сейілту мақсатында бүгін алдын ала жару жұмыстарын жүргізілді.

Бүгінгі таңда Үлкен Алматы, Кіші Алматы шатқалдарында барлығы 165 қар көшкіні қаупі бар аумақ бар. Оның бірі бүгінгі біз жарып отырған №18 қар көшкіні бар аумақ. Біз Космостанция және Үлкен Алматы арасында жүретін жолдың қауіпсіздігін сейілту мақсатында бүгін алдын ала жару жұмыстарын жүргіздік. Барлық түскен қардың салмағы 1,5 мың текше метрді құрады, – деді "Қазселденқорғау" ММ Алматы филиалының басшысы Самат Дәуленханов.

Сондай-ақ қауіпті аймақтарға арнайы бекеттер қойылған. «Қазселденқорғау» мекемесінің мамандары "тауға шығатын адамдарға барынша абай болған жөн" дейді. Болжам бойынша Іле Алатауында қар көшу қаупі әлі екі аптаға дейін сақталады. 

Өзгелердің жаңалығы