«Іле Алатауы» ұлттық паркінің орманшысын естен танғанша ұрып кеткен

3 Қазан 2023, 16:58
2555
Бөлісу:
«Іле Алатауы» ұлттық паркінің орманшысын естен танғанша ұрып кеткен
Фото: Евгений Мухамеджанов/facebook

«Іле Алатауы» ұлттық паркінің орманшысын жол талғамайтын көлікпен келген белгісіз біреулер соққыға жыққан, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы ормашының қарындасы мен достары әлеуметтік желілерде жазба жариялаған. 

Оқиға 29 қыркүйек күні сағат 19:15 шамасында «Іле Алатауы» ұлттық паркінің аумағында орын алған. Менің ағам табиғи паркті жаяу аралап келе жатып, қара түсті Laika Land Cruiser 105 машинасының тосқауылды бұзғанын көреді. Неліктен рұқсатсыз мұндай әрекетке барғандығын сұрауға беттеген ағама екі адам жабылып кеткен. Ол шабуылдаған адамдарға өзінің куәлігін көрсетіп, ұлттық парктің орманшысы екендігін ескерткен. Дегенмен бұзаақылар ағамды естен танғанғанша ұрып соққан. Ағам есін жиып үйге келіп, жағдайдың мән-жайын баяндап берді, – дейді Дамир Қуатбековтің қарындасы. 

Инспектор есін жиғаннан кейін жедел жәрдем көлігін шақырған. №12 ауруханаға жатқызылған, кейін бас миының жарақаты мен денесінің көгеруі анықталған. 

Бұл жағдайдан кейін Дамир Қуатбеков №12 ауруханаға жатқызылды. Сағат 20:30-да Алматы қаласы Медеу аудандық полиция басқармасының тергеу бөлімінің тергеушісі А. Қайсеев ауруханаға келіп, инспектордың өтінішін қабылдап, 293 (Бұзақылық) және 380-1 (Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, әскери қызметшінің, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың, инспектордың өміріне қол сұғу) баптары бойынша зардап шеккендігін тіркеді. Көлік маркасына сәйкес кінәлілерді анықтау жұмыстары басталғанын атап өтті, - деді «Іле Алатауы» әкімшілігі.

Қазір тергеу органы сотқа дейінгі тергеуді жүргізуде, сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.

Өзгелердің жаңалығы