ІІМ тұрғындарға алыс сапарға шықпауға кеңес берді

21 Желтоқсан 2020, 12:12
2073
Бөлісу:
ІІМ тұрғындарға алыс сапарға шықпауға кеңес берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауа райының қолайсыздығына байланысты өңірлердің қала сыртындағы жолдарында полиция экипаждарының патрульдеуі күшейтілді.

Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында ауа райының нашарлауына байланысты бірқатар автомобиль жолдарында автокөлік қозғалысына (қалың қар, боран, көрінудің нашарлығы) шектеулер енгізілді.

Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа температурасы 20 градустан төмендейтіні болжанды.

Аталған өңірлердің тұрғындарына ІІМ автожолдарда жол жүруден шектеліп, ауа райы мен жолдардың жай-күйі туралы хабарламаларды қадағалауды ұсынады.

Полицейлер жүргізушілерді аса сақ болуға және жаяу жүргіншілер жолға шыққан кезде өте мұқият болуға шақырады.


Өзгелердің жаңалығы