ІІМ шетелде тіркелген көлігі барларға ескерту жасады

10 Қазан 2022, 12:32
1139
Бөлісу:
ІІМ шетелде тіркелген көлігі барларға ескерту жасады

Бұл туралы ІІМ Криминалдық полиция департаментінің аға жедел уәкілі Құдияр Нұрсейітов ведомствоның дәстүрлі брифингінде мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Соңғы жылдары ұрланған автокөліктерді өткізу тәсілдерінің біріне айналған "ұқсас"  автокөліктер мәселесі өзекті болып отыр. Мұндай көліктер анықталған жағдайда кешенді тексеріс басталып, қажетті сараптамалар тағайындалады. Агрегаттық деректердің өзгермеуі мен олардың түпнұсқалылығының расталуы, көлік құралының есепке қойылуының заңдылығы көліктің қазақстандық иесіне Азаматтық кодекстің 7-бап 3-тармағына сәйкес жекеменшік құқығын анықтау үшін сотқа жүгінуге мүмкіндік береді, - деп атап өтті жедел уәкіл. 

Сонымен қатар ол автокөлік иелеріне ескерту жасады. 

Еліміздің аумағында өзге мемлекеттің тіркеу есебіндегі автокөлікті сатып алып және оны қолдана отырып, әрі қарай түрлі қылмыстық схемалардың құрбаны болуыңыз мүмкін. Тіпті, көлігіңізден айырылу қаупі де жоқ емес. Ондай жағдайда көлікті сатып алған соң бірден автокөлікті сол мемлекеттегі есептен шығарып, бүкіл кедендік нормаларды сақтай отырып Қазақстанға әкеліп, осы жерде есеп қойып, алаңсыз жүре беруіңізге болады, - деді Құдияр Нұрсейітов.

Өзгелердің жаңалығы