ІІМ Qazaqstan Project Management Awards – 2022 Ұлттық байқауының жеңімпазы атанды

4 Желтоқсан 2022, 20:21
1494
Бөлісу:
ІІМ Qazaqstan Project Management Awards – 2022 Ұлттық байқауының жеңімпазы атанды
PHOTO
Фото: Polisia.kz

 2-3 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында “Qazaqstan Project Management Awards – 2022” III ұлттық конкурсының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.

Байқауды ҚР Президенті Әкімшілігі, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, “Бәйтерек” ұлттық басқарушы холдингі” АҚ, ҚР Ұлттық экономика министрлігі, “Қазақстан Республикасының Жоба менеджерлері одағы” ЗТБ және ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы ұйымдастырды. 

ІІМ Qazaqstan Project Management Awards – 2022 Ұлттық байқауының жеңімпазы атанды

Конкурстың негізгі мақсаты – өз қызметінде жобалық менеджменттің әдістері мен құралдарын белсенді қолданатын және енгізетін мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарды қолдау.

 Байқау қорытындысы бойынша Ішкі істер министрлігі “Жылдың үздік жобасы” және “Жылдың үздік жобалық кеңсесі” номинациялары бойынша бірінші орынды иеленді.

Айта кетейік, үшінші жыл қатарынан өткізіліп отырған байқауға Ішкі істер министрлігі алғаш рет қатысып отыр.

Өзгелердің жаңалығы