ІІМ "Қаңтар қасіретінің" куәгерлеріне үндеу жасады

17 Қаңтар 2022, 17:29
1697
Бөлісу:
ІІМ "Қаңтар қасіретінің" куәгерлеріне үндеу жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ішкі істер министрлігі қайғылы оқиғалардың куәгерлері анонимді түрде “102 ” мобильді қосымшасы арқылы жаппай тәртіпсіздіктер бойынша фото және бейнематериалдарды жібере алатынын атап өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Егер сізде фото және бейнематериалдар болса, оларды арнайы https://help.mvd.gov.kz/mbp сайты арқылы анонимді түрде жібере аласыз. Бір хабарламада 5 файлды жіберуге болады, бір жіберілетін файлдың максималды мөлшері – 100 МБ, – делінген хабарламада. 

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін сайтқа өту батырмалары осылайша іске асырылады: 

1) “102” мобильді қосымшасы — > “Фото/бейнематериалдар” өрісі (жіберілетін файлдардың максималды саны – 5, бір бейне файлдың максималды салмағы: 100 мб, бір фото файлдың максималды мөлшері-10 мб) –> осы өрісте келесі форматтарды қабылдайды: jpeg, jpg, png, gif, tiff, bmp, heic, heif, MP4, MOV, WMV, AVI, AVHCD, FLV, F4V, MKV, WEBM, VOB, H. 264, motionjpeg (MJPEG)- > “Жіберу” батырмасы (егер кем дегенде бір файл тіркелмесе, онда батырма басылмайды). Ескерту: қосымшаны Android жүйесіндегі смартфондарға арналған Play Market-тен және IOS жүйесіндегі смартфондарға арналған App Store-дан жүктеуге болады. IOS платформасындағы қосымшада сайтқа өту түймесі қол жетімді. Егер сіз осы батырманы көрмесеңіз, онда қосымшаны жаңарту қажет. Android платформасындағы қосымшада жаңарту шыққаннан кейін сайтқа өту түймесі қол жетімді болады. Қазіргі уақытта жаңарту Play Market-те модерацияда. 

2) ҚР ІІМ Telegram-ботында (https://t.me/QZ102bot): “Тәртіпсіздіктер бойынша фото/видео жіберу” батырмасын басқан кезде сайтқа сілтеме және ауысу батырмасы бар мақала ашылады; 

3) ҚР ІІМ-нің ВК-ботында (https://vk.com/public198182087): ҚР ІІМ парақшасының жеке хабарламасына өту қажет, онда “Тәртіпсіздіктер бойынша фото/видео жіберу” батырмасын басасыз, содан кейін сайтқа сілтеме және өту батырмасы бар мақала ашылады. 

4) ҚР ІІМ сайтының төменгі оң жақ бұрышында орналасқан виджетте (https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim): “Тәртіпсіздіктер бойынша фото/бейне материалдарды жіберу” мақаласын басу қажет. 

Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде жарияланған фото және бейне жазбалар кінәлі адамдарды анықтау үшін жиналады. Алынған мәліметтер тергеу-жедел топтарына болған оқиғаның анық-қанығын білуге және оған қатысы бар адамдарды анықтауға ғана емес, сондай-ақ бүлік пен шабуылдарға қатыспаған, бірақ тәртіпсіздіктер орнында кездейсоқ болған азаматтарды қорғауға көмектеседі. 

Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты келесідегідей бейнематериалдарды жібере аласыздар: 

• Адамдардың жиналуы және шеруі (митинг); 

• Жаппай тәртіпсіздіктер; 

• Атыс қаруын қолдану; 

• Билік өкілдеріне шабуыл жасау және ұру (оның ішінде полиция, әскери қызметшілер және т.б.); 

• Лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану; • Әкімшілік ғимараттарға шабуыл жасау; 

• Әкімшілік ғимараттарды басып алу; 

• Арнайы көлік құралдарын басып алу; 

• Мүлікке зиян келтіру; 

•Тонау. 

Сондай-ақ, “102” мобильді қосымшасының көмегімен азаматтар полицияға басқа да құқық бұзушылықтар туралы хабарлай алады. 

Олар: 

жол қозғалысы ережелерін бұзу, ЖКО, отбасылық жанжалдар, балаларға немесе жануарларға қатыгездік көрсету жағдайлары, бұзақылық әрекеттер, төбелес, тыныштық режимін бұзу, қоғамдық орындарда мас күйінде жүру және тағы басқалар туралы хабарлама жібере алады; 

ішкі істер органдарына өтініш бере алады; 

операторға аудио және бейне қоңырау арқылы хабарласа алады, бұл ретте қоңырау шалушының орналасқан жері автоматты түрде анықталады, оператор не болып жатқанын көре алады; 

егер полиция қызметкері тарапынан сыбайлас жемқорлық, бопсалау фактісіне тап болсаңыз, онда ІІМ Өзіндік қауіпсіздік қызметіне хабарласыңыз.

Өзгелердің жаңалығы