ІІМ: Полиция «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасын ерекше өкімге дейін жалғастырады

19 Қаңтар 2022, 10:05
1131
Бөлісу:
ІІМ: Полиция «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасын ерекше өкімге дейін жалғастырады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 15 қаңтардан бастап төтенше жағдай режимі тоқтатылған өңірлерде «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы басталды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

19 қаңтардан бастап жедел-алдын алу шарасы төтенше жағдай режимі тоқтатылған Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында, сондай-ақ, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында өткізіледі. 

Іс-шараның негізгі мақсаты – жедел жағдайды тұрақтандыру, заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау. 

Заңнамаға сәйкес ішкі істер органдары жедел-алдын алу іс-шарасы шеңберінде жүзеге асырады: 

– құқық белгілейтін құжаттарды тексеру және көлік құралдарын, сондай-ақ, жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру, оларды және заттарын жеке тексеру; 

– жалдамалы пәтерлерді, тасталған үйлерді, хостелдерді, саяжайларды, базарларды, техникалық қызмет көрсету станцияларын, шаруа және фермер қожалықтарын, шалғайдағы учаскелерді, қыстақтарды тексеру;

 – атыс, травматикалық және суық қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және т.б. тәркілеу; – белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды, заңсыз мигранттарды анықтау; 

– бұрын сотталған және ішкі істер органдарында есепте тұрған өзге де адамдарды тексеру. 

Ішкі істер министрлігі азаматтарды жедел-алдын алу іс-шарасын өткізуге түсіністікпен қарауға және полиция қызметкерлерінің талабы бойынша құжаттарды көрсетуге шақырады.


 

Өзгелердің жаңалығы