ІІМ мұражайында генерал Тұмарбековті еске алуға арналған экспозиция ашылды

9 Мамыр 2023, 11:00
905
Бөлісу:
ІІМ мұражайында генерал Тұмарбековті еске алуға арналған экспозиция ашылды
Фото: polisia.kz

ІІМ мұражайында милиция генерал-майоры, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары Ахмет Тұмарбековті еске алуға арналған экспозиция ашылды, деп хабарлайды BAQ. KZ. Polisia.kz сілтеме жасап. 


Ұлы Отан соғысына қатысушы Ахмет Тұмарбековтің есімі ІІМ басшыларының қатарында ерекше орын алады. Ол өз өмірін құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге және жас мамандарды тәрбиелеуге арнады. 

ІІМ мұражайында генерал Тұмарбековті еске алуға арналған экспозиция ашылды

Еске алу бұрышының ашылуына офицердің туыстарынан басқа Халық қаһарманы, бұрынғы ішкі істер министрі, генерал-полковник Қайырбек Сүлейменов қатысты. Іс-шара соңында әйгілі генералдың 100 жылдығына арналған деректі фильмнің тұсаукесері өтті.
 

Өзгелердің жаңалығы