ІІМ Көші-қон қызметі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Риддер тұрғындарымен кездесті

24 Желтоқсан 2022, 17:07
849
Бөлісу:
ІІМ Көші-қон қызметі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Риддер тұрғындарымен кездесті
PHOTO
Фото: Polisia.kz

 ІІМ Көші-қон қызметі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Аслан Аталықов Риддер тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz. 

Іс-шараға ШҚО ПД бастығының орынбасары Ербол Бекпаев пен Риддер қаласының әкімі Дмитрий Горьковой қатысты. Кездесуге қала тұрғындары белсене қатысып, өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, шағымдар мен ұсыныстарын білдірді. 

Аслан Аталықов кездесуге қатысушыларды елдегі жалпы криминогендік жағдайдың жай-күйі және ағымдағы жылы ішкі істер органдарының жедел-қызметтік жұмысының нәтижелері туралы хабардар етті.

Ол есірткі бизнесі мен нашақорлыққа қарсы күрестің нәтижелеріне ерекше назар аударып, сонымен қатар алаяқтықтың алдын алу, ауыр қылмыстарды азайту және елдегі көші-қон ахуалына тиісті бақылауды жүзеге асыру туралы айтты. 

 Қазіргі уақытта Мемлекет басшысы ауқымды реформаларды бастады. Оның басты міндеті – Жаңа әділ Қазақстан құру. Қазір халықтың сұранысы мен биліктің ықылас ниеті сәйкес келетін кезең. Сондықтан мемлекеттік басқару моделі мен қоғамдық даму бағыты өзгеруде. Жаңа саяси мәдениет қалыптасуда. Мемлекет пен қоғам арасындағы ашық және тығыз қарым-қатынас моделі қалыптасуда. Ішкі істер министрлігі өз кезегінде:

 – қоғамдық тәртіпті сақтау;

 – құқық бұзушылықтың алдын алу; 

– қылмысқа қарсы күрес бойынша шаралар қабылдауда. 

Өздеріңіз білетіндей, біздің министрлік – елдегі ең ірі және көпфункционалды мемлекеттік орган болып табылады. Қазір Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша министрлік ауқымды және терең сапалы өзгерістерді бастады. Негізгі мақсат – халықтың сенімін арттыру, бюрократиядан арылу, адамның қажеттіліктеріне бағытталған жұмыс үлгісіне көшу. Бұл бағытта жұмыс процестерін автоматтандыру, цифрландыру және оңтайландыру бойынша шаралар қабылдануда. Негізгі назар құқық бұзушылықтардың салдарымен күресуге емес, олардың алдын алуға бағытталған. 

Сервистік модель аясында полиция жаңа форматқа көшуде. Біз қызметтің барлық салаларында аналитиканы қолдана отырып, “мәселелерді шешуге бағытталған” тәсілді енгіземіз. Біздің басты міндетіміз – жаңа Қазақстанның талаптарына жауап беретін ашық, кәсіби және құзыретті Қазақстан полициясын құру, – деді Аслан Аталықов. 

Риддер тұрғындарының басым бөлігі шетелдік азаматтарды уақытша тіркеу және жол қауіпсіздігі мәселелеріне қызығушылық танытты.

 Ал жеке проблемалық мәселелерімен келгендердің әрқайсысын Аслан Аталықов жеке қабылдады. 

Сол күні ол кейбір Риддер тұрғындарының үйлеріне барып, оларға құжаттарын табыс етті. Солардың бірі – Мавра Резникова. Еңбек ардагері биыл 92 жасқа толды. Өкінішке орай, соңғы жылдары әйел өздігінен қозғала алмайды. 

Аслан Аталықов Мавра Резниковаға құжатының қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты жеке жаңа куәлік тапсырды. Сапар соңында ІІМ Көші-қон қызметі комитеті төрағасының м.а. Аслан Аталықов Риддер қаласы полиция бөлімінің акт залында жеке құраммен жұмыс кеңесін өткізді.

Өзгелердің жаңалығы