ІІМ басшысы оқушылармен кездесті

1 Қыркүйек 2023, 09:16
410
Бөлісу:
ІІМ басшысы оқушылармен кездесті
PHOTO VIDEO
Фото: Polisia.kz

Білім күні қарсаңында көпбалалы әрі жалғызбасты қызметкерлердің балалары Ішкі істер министрлігінде қонақ болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Polisia.kz мәліметінше, бүлдіршіндерді ведомство басшысының өзі қабылдады.

Министрліктің биылғы алқа отырысында Мемлекет басшысы жастар өз құқықтарын біліп, заң тұрғысынан сауатты болуы қажет деген болатын.

ІІМ басшысы оқушылармен кездесті

Ол үшін полиция бөліністерінің басшылары өскелең ұрпақпен жиі кездесіп, қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алуға көп көңіл бөлуі тиіс.

ІІМ басшысы оқушылармен кездесті

Осы орайда еліміздің бас полицейі жасөспірімдерге қауіпсіздік шаралары туралыайтып, интернеттегі қауіп туралы ескертті. Балаларға ведомство атынан планшеттер тарту етілді.

ІІМ басшысы оқушылармен кездесті

Тәртіп сақшылары гаджеттерге 102 мобильді қосымшасын жүктеп, оқушыларға оны қандай жағдайда және қалай қолдануға болатынын түсіндірді. Кішкентай қонақтар жедел басқару орталығында түрлі жобалармен танысты. Сондай-ақ арнайы ұйымдастырылған көрмеде түрлі техниканы көре алды.

Өзгелердің жаңалығы