ІІМ Алматы академиясында киберқылмысқа қарсы күрес жөнінде шаралар талқыланды

14 Қазан 2022, 16:37
727
Бөлісу:
ІІМ Алматы академиясында киберқылмысқа қарсы күрес жөнінде шаралар талқыланды
PHOTO
Фото: Polisia.kz

ІІМ Алматы академиясында алғаш рет киберқылмысқа қарсы іс-қимыл орталығы басшылығының, ақпаратты қорғаудан бастап криптовалюта айналымына дейінгі түрлі салаларда киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі сарапшылардың қатысуымен киберқылмысқа қарсы күрес желісі бойынша бөлімшелер қызметкерлерінің басқосуы өткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz cілтеме жасап.

Спикерлер киберқылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталып, оларды шешу жолдарын, бағдарламалық қамтамасыз етуді және интернет-алаяқтықтың негізгі түрлеріндегі аналитикалық кешендерді, блокчейн-технологиялармен байланысты қылмыстарды пайдалана отырып, құқық бұзушылықтарды анықтау және ашу жолдарын белгіледі. 

ІІМ Алматы академиясында киберқылмысқа қарсы күрес жөнінде шаралар талқыланды

Банк қызметі саласындағы киберқауіпсіздіктер бойынша Қаржы нарықтарын реттеу агенттігінің, Halyk Bank, Kaspi Bank, Банк Центр Кредит және ВТБ банк өкілдері өз пікірлерімен бөлісті. Ақпараттандыру және байланыс желісі бойынша заңнама және құқық бұзушылықтар, нөмірді ауыстырумен байланысты интернет-алаяқтықтар, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып жасалатын алаяқтықтарды ашу және тергеу ерекшеліктері мәселелері ұялы байланыс компанияларының өкілдерімен, ІІМ Академиясының Қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының оқытушыларымен талқыланды. 

Сондай-ақ іс-шараның соңғы күні өткен Халықаралық ғылыми-практикалық конференция Интернет желісінде жасалған алаяқтықтарды анықтау және ашу мәселелеріне арналды.

Өзгелердің жаңалығы