ІІМ Алматы академиясына жаңа басшы тағайындалды

15 Қаңтар 2021, 10:20
5814
Бөлісу:
ІІМ Алматы академиясына жаңа басшы тағайындалды

Алматы, BAQ.KZ. Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е.З. Тұрғымбаевтың бұйрығымен мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының бастығы лауазымына Айдар Сайтбеков тағайындалды.

Сайтбеков Айдар Мұтәлікұлы саяси ғылымдарының докторы, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент).

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Білім және ғылым министрлігінің құрметті қызметкері, Қазақстан Республикасының құрметті заңгері, «Болашақ» халықаралық бағдарламасының стипендиаты.

1978 жылы туған. Білімі жоғары, 1999 жылы ІІМ Алматы академиясын бітірген. 

Мансабы:

1999-2001 жыл аралығында Алматы облысы ІІБ-ның тергеушісі.
2001 жылдан 2005 жыл аралығында Алматы облысы ІІБ жедел іздестіру құрамында лауазымды қызметтерді атқарды.
2005 жылдан 2008 жыл аралығында – Алматы облысы ІІД Еңбекшіқазақ ауданы ІІБ бастығының орынбасары.
2008 жылдан 2009 жыл аралығында – Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтының магистранты.
2009 жылдан 2013 жыл аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясында әртүрлі басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.
2013 жылдың қаңтар айынан бастап – Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды академиясы бастығының кадр жұмысы бойынша орынбасары.
2018 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасы ІІМ Ақтөбе заң институтының бастығы лауазымына тағайындалды.
2019 жылдың  шілдесінен бастап – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Кадр саясаты департаментінің бастығы.
2021 жылдың қаңтарынан бастап – Қазақстан Республикасы ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясының бастығы.

Айта кетсек, өткен жылдың желтоқсан айында курсант Саламат Өтегеновтің қаза табуына байланысты академия басшысы Өмірбай Смайлов лауазымынан босатылған еді.

Өзгелердің жаңалығы