ІІМ: 14-15 ақпанда республика бойынша "Жолда қабылдау" акциясы өтеді

11 Ақпан 2020, 17:40
1260
Бөлісу:
ІІМ: 14-15 ақпанда республика бойынша "Жолда қабылдау" акциясы өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ашықтық, жеделдік және қолжетімділік – бұл полицияның жұмысының негізгі басымдықтары. Осыған байланысты, алдағы 14 және 15 ақпанда республика аумағында "Жолда қабылдау" акциясының кезекті кезеңі өткізіледі.

Полиция департаменттерінің басшылары, әкімшілік полиция, жергілікті және көші-қон қызметтерінің бастықтары полицияның фронт-кеңселерінде, сондай-ақ "Nur Otan" партиясының қоғамдық қабылдау алаңдарында тұрғындарды қызықтыратын сұрақтарға жауап береді.

Акция кезінде азаматтар  өздерінің өзекті мәселелерін шешу үшін, алдын ала жазылусыз тікелей полиция басшылығына жүгінуге, сондай-ақ үйден шықпай-ақ, әлеуметтік желілердегі ПД ресми аккаунттарында өткізілетін ПД бөліністері басшыларының қатысуымен тікелей эфир кезінде өз сұрағын қоюға мүмкіндігі бар.

Одан басқа, әкімдіктер, ПИК өкілдерімен бірлесіп, енгізілетін модульдік үлгідегі стационарлық полиция бекеттерінде "Аулаларда қабылдау" жұмысы ұйымдастырылады.

Сондай-ақ, жол қауіпсіздігі және көші-қон заңнамасы мәселелеріне қатысты сұрақтарға "қауырт желі" телефоны арқылы жауап алуға болады.

Көрсетілген іс-шаралардың өткізу орындарын және "қауырт желі" телефондарының нөмірлерін ІІМ ресми порталынан, полиция департаменттерінің ішкі порталдарынан білуге болады.

ІІМ бастамасымен ұйымдастырылған "Жолдағы қабылдау" акциясы азаматтар тарапынан сұранысқа ие болды және бұл акция – полицияның халықпен өзара іс-қимыл жасаудың жаңа моделіне көшу бағыттарының бірі.

Өзгелердің жаңалығы