ИИДМ құрылыс саласында кадрлар даярлау мәселелері бойынша талдау жүргізді

4 Қараша 2022, 18:20
1024
Бөлісу:
ИИДМ құрылыс саласында кадрлар даярлау мәселелері бойынша талдау жүргізді

 «Ашық сағат алаңы» жобасы шеңберінде  ИИДМ Құрылыс істері және ТКШ комитетінде бизнес-қоғамдастық, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен онлайн форматта кездесу өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 ИИДМ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, дөңгелек үстел барысында қатысушылар құрылыс саласының еңбек ресурстарын қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. ҚР ИИДМ Құрылыс және ТКШ істері комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Жүнісбековтің айтуынша, бизнес-қоғамдастық өткен жылдан бері кадр тапшылығы мәселесін бірнеше рет көтеріп келеді. 

ИИДМ құрылыс саласында кадрлар даярлау мәселелері бойынша талдау жүргізді

Кадр тапшылығы бойынша проблемалық мәселелерді шешу және пысықтау мақсатында Комитет құрылыс саласында кадрлар даярлау мәселелері бойынша талдау жүргізді. Бүгінгі таңда еліміздің барлық өңірінде құрылыс саласы үшін кадрлар даярлауды жүзеге асыратын колледждер бар. Білім беру саласындағы уәкілетті органдардан алынған ақпаратқа сүйенсек, еліміз бойынша техникалық және кәсіптік білім беретін 770 ұйым бар. Оның ішінде, 202 колледж құрылыс саласы үшін кадрлар даярлайды. Онда 21 мыңнан астам студент білім алады, – деп атап өтті Б.Жүнісбеков. 

Айта кетерлігі, комитет Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Ғылым және жоғары білім министрлігі, Оқу-ағарту министрлігінің деректері бойынша кадр тапшылығы бойынша талдау жүргізген. Оған сәйкес мемлекеттік гранттардың бөлінетін жыл сайынғы көлемі сәулетші, барлық бағыттағы инженер-құрылысшы, сондай-ақ орта буын және жұмысшы кәсіптер сияқты мамандықтар бойынша кадрларға деген қажеттілікті толық көлемде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

ИИДМ құрылыс саласында кадрлар даярлау мәселелері бойынша талдау жүргізді

Сондай-ақ Құрылыс салушылар қауымдастығы мен Қазақстан құрылысшылар одағының оқыту бағдарламасын қайта қарау жөніндегі ұсыныстары сәтті іске асырылуда. Атап айтқанда, аталған шаралар оқу аяқталғаннан кейін жұмыспен қамту, сондай-ақ мектеп түлектері мен жұмыссыз жастар арасында тиісті кәсіптік бағдарлау шараларын қамтиды. 

Бүгінгі таңда қазақстандық колледждерге академиялық дербестік берілген. Осылайша, 400-ге жуық білім беру бағдарламасы қайта қаралып, жұмыс берушілерді білім беру процесіне тарту үшін дуалды оқыту форматы сәтті жүзеге асырылуда. Бұл ретте дуалды оқыту барысында студенттің тәжірибеден өту мерзімі еңбек өтіліне қоса есептеледі. Сондай-ақ кәсіпорындарды ынталандыру үшін өндірістегі тәлімгерлерге еңбекақы төленетінін атап өткен жөн. Бүгінде аталған оқыту форматы 109 отандық колледжде енгізілген. Жалпы құрылыс мамандықтары бойынша дуалды оқытумен 6 мыңға жуық студент қамтылған.

Өзгелердің жаңалығы