ИИДМ-де Конституция күні аталып өтті

30 Тамыз 2023, 12:02
928
Бөлісу:
ИИДМ-де Конституция күні аталып өтті
Фото: ИИДМ баспасөз қызметі

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі аппаратының басшысы Ерболат Мұқаев ұжымды Қазақстан Республикасының Конституция күнімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекеттік мерекенің маңыздылығын айта келе, Ата заңымыз мемлекеттігімізді айқындайтын басты құжат екенін айтты.

Конституция қазақстандықтардың бостандығы мен құқықтарын қорғайтын мемлекетіміздің басты құжаты. Заңы үстем қоғамда әділдік қашанда салтанат құрады! Әділетті Қазақстан идеясының негізгі мақсаты да еліміздің әрбір азаматының хақы мен таңдау еркінің сақталуын қамтамасыз ету.

Бас құжат қолға алынған барлық саяси, әлеуметтік-экономикалық реформа мен өзге де институционалды бастамалардың берік негізі болып саналады. Онсыз халықтың тұрмыс сапасы мен әл-ауқатын жақсартуды ойлау қиын, - деді Ерболат Мұқаев.

Сондай-ақ аппарат басшысы Заң саласының үздігі белгісіне ие болған әріптестерін құттықтады. Ол Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің басқарма басшысы Данияр Балтин мен ҚР ИИДМ Заң департаменті директорының орынбасары Жандос Сайлығара.

Осы күні Ерболат Мұқаев ҚР Конституция күніне орай министрлік ұжымы арасында ұйымдастырылып өткізілген Quiz зияткерлік ойынының жеңімпаздары мен қатысушыларын да құттықтады.

Өзгелердің жаңалығы