ИИДМ басшысы жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды

18 Қазан 2022, 13:05
922
Бөлісу:
ИИДМ басшысы жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы  ИИДМ баспасөз хатшысы Жанжігіт Омархан өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді.

ИИДМ басшысы жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды

Қайырбек Өскенбаев бүгін «ЕвроХим-тыңайтқыштар», «Qazaq Soda» және «ENERGY-Тараз» серіктестігінің қызметімен танысады. Бұдан басқа, «Қазфосфаттың» Тараздағы филиалының минералды тыңайтқыштарды өндіру бойынша жаңа цехының ашылуына қатысады. Ведомство басшысының жұмыс сапары шеңберінде «Қазфосфаттың» Тараздағы филиалының минералды тыңайтқыштарды өндіру бойынша жаңа цехының ашылуы және өңір тұрғындарымен кездесу жоспарланып отыр, – деп жазды Жанжігіт Омархан.

Өзгелердің жаңалығы