ИИДМ басшысы Орталық Азия елдері мен Ирандағы әріптестерімен кездесті

10 Қазан 2022, 16:37
778
Бөлісу:
ИИДМ басшысы Орталық Азия елдері мен Ирандағы әріптестерімен кездесті
PHOTO

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Орталық Азия елдері мен Иран Ислам Республикасындағы әріптестерімен кездесті, деп хабарлады BAQ.KZ.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәлімдеуінше, Тегеран қаласында өткен кездесу барысында өңірлер арасындағы көлік-транзиттік ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

Жиынға қатысушы елдер инфрақұрылымдағы «кедергілерді», атап айтқанда әкімшілік кедергілерді жою және тасымалдаушылар үшін қолайлы жағдайлар жасау арқылы «Солтүстік – Оңтүстік» дәлізін дамыту жөніндегі бастаманы қолдады.

ИИДМ басшысы Орталық Азия елдері мен Ирандағы әріптестерімен кездесті

Біз «Солтүстік – Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізі бойынша елдер арасындағы транзиттік әлеуетті арттыруға мүдделіміз. Бүгінгі таңда Ақтау порттары және Иранның солтүстік порттары, сонымен бірге Анзали мен Амирабадтың арасында тұрақты көлік қатынасы орнатылды. Контейнерлік тасымалдарды дамыту үшін Ақтау порты өз қызметтеріне жеңілдіктер ұсынып, 40 футтық контейнерді ауыстырып тиеу тарифтері төмендетілді. Сондай-ақ Қазақстан – Түркіменстан – Иран құрлықтық теміржол бағыты бойынша контейнерлік қатынас орнатылып жатыр, – деп атап өтті министр.

Кездесуге қатысушылар Орталық Азия елдерін Парсы шығанағы мен Оңтүстік Азия өңірлерімен байланыстыратын дәліздер және көлік объектілерінің инфрақұрылымдық мүмкіндіктеріне қатысты мәселені де күн тәртібіне сәйкес талқылады.

ИИДМ басшысы Орталық Азия елдері мен Ирандағы әріптестерімен кездесті

 Қазақстан транзиттік тасымалдардың жылдамдығы мен сапасын арттыруға мүмкіндік беретін барлық қажетті жағдай жасап, тиісті инфрақұрылыммен қамтып отыр. Аталған алаң елдеріміздің мүдделерін жақындастыра түсетініне, сондай-ақ өзара тиімді ынтымақтастықты құру үшін оңтайлы міндеттерді шешуге ықпал ететініне сенімдімін, – деп түйіндеді Қайырбек Өскенбаев.

Кездесу қорытындысы бойынша көлік министрлерінің ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы бірлескен мәлімдемесіне қол қойылды.

Өзгелердің жаңалығы