ИИДМ басшысы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының өкілімен кездесті

25 Ақпан 2022, 23:48
1368
Бөлісу:
ИИДМ басшысы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының өкілімен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуразиялық Үкіметаралық кеңес шеңберінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі Темірбек Асанбековпен кездесті, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.  

Бүгінгі таңда ҚР ИИДМ және Еуразиялық экономикалық комиссия арасындағы ынтымақтастықты дамыту барысында оң серпін байқалады. Екі тарап көлік және инфрақұрылымды дамыту саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін айтып, сенім білдірді.

Кездесуге қатысушылар ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің 2021-2023 жылдарға арналған үйлестірілген көлік саясатын іске асырудың негізгі бағыттары мен кезеңдерін іске асыру бойынша жұмыстың негізгі басымдықтарын талқылады.

Қойылған міндеттерді шешуге белсенді қатысып, еуразиялық интеграцияны дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін министрліктің қызметкерлері Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды.

Айта кеткен жөн, ЕАЭО аясында келісімдерді жүзеге асыру бойынша жұмыстар алдағы уақытта жалғасатын болады.

Өзгелердің жаңалығы