ИИДМ азаматтарды қабылдады

13 Мамыр 2019, 18:39
1893
Бөлісу:
ИИДМ азаматтарды қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Nur Otan партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр азаматтарды қабылдады.

Кездесу барысында республикалық маңызға ие «Нұр-Сұлтан-Павлодар» трассасында мемлекеттік қажеттіліктер үшін тұрғын үйлерді және инфрақұрылымдық нысандарды бұзу және өтемақы төлеу, Ақтөбе облысы бойынша ТРМКД арқылы жүргізген тексеру нәтижелері, және т.б. мәселелер көтерілді.

Министрге сұрақ қойғандардың арасында Нұр-Сұлтан, Алматы, Өскемен және Екібастұз қалаларының тұрғындары, сондай-ақ видеоконференц байланыс арқылы Алматы мен Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары қатысты. Қосымша уақытты талап ететін мәселелер жеке бақылауға алынды. Азаматтарды қабылдау қорытындылары бойынша ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.

Өзгелердің жаңалығы