II Елизавета патшайымның неден қайтыс болғаны белгілі болды

1 Қазан 2022, 11:32
16772
Бөлісу:
II Елизавета патшайымның неден қайтыс болғаны белгілі болды

ІІ Елизавета патшайымның неден қайтыс болғаны белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еuronews агенттігі таратқан мәліметке сүйенсек, оның өліміне қарттық себеп болған. Патшайымның қайтыс болғандығы туралы куәлікте осылай деп көрсетілген.

Патшайым 8 қыркүйек күні сағат 15:10-да Шотландиядағы Балморал қамалында өмірден өткен болатын. Құжатты 16 қыркүйек күні шотландиялық бас тіркеуіш жасап, оған Елизаветаның қызы Анна ханшайым қол қойған. 

96 жастағы патшайымның жерлеу рәсімі Британия тарихында адам көп жиналған ірі оқиғалардың бірі деп танылды.

Елизаветаның мұрагері  Чарльздың тәж кигізу рәсімі қашан өтетіні әзірге белгісіз. Кейбір дереккөздердің айтуынша, келесі жылы жазда болуы мүмкін. 

Өзгелердің жаңалығы