IBO Геннадий Головкинді әлем чемпионы рейтингіне қайта қосты

16 Наурыз 2023, 03:16
1075
Бөлісу:
IBO Геннадий Головкинді әлем чемпионы рейтингіне қайта қосты
Фото: meta-ratings.kz

Халықаралық бокс ұйымы (IBO) жаңартылған рейтингіні жариялады. Онда қазақстандық Геннадий Головкин әлі де орта салмақта әлем чемпионы қатарында тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Головкин IBO-ның ең белді чемпиондарының бірі. Тіпті 40 жасқа келген қазіргі кезде де, 42-2-1 рекордымен және көптеген тарихи бокс кештеріне қатысқаннан кейін, ол орта салмақтағы әлем чемпионы белдігіне абыроймен ие болып отыр, – делінген IBO хабарламасында.

Еске салайық, Геннадий Головкин IBF және WBA Super нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулынан және міндетті жекпе-жектерді өткізуден ресми түрде бас тартқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы