Хусам ад-Дин ас-Сығнақидың туындысы алғаш рет қазақ тілінде жарық көрді

30 Наурыз 2021, 06:21
930
Бөлісу:
Хусам ад-Дин ас-Сығнақидың туындысы алғаш рет қазақ тілінде жарық көрді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақ жерінде туған ұлы ғұлама Хусам ад-Дин ас-Сығнақидың туындысы алғаш рет қазақ тілінде жарық көрді. 

Шамамен VII-VIII ғасырда жазылған туындының тұсауы «Қазақстан – дінаралық татулық бесігі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда кесілді. Салтанатты шараға шетелдік ғалымдар да қосылып, атаулы оқиғаға көзайым болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ғылыми конференцияда республикадағы 3 мың 800-ден астам түрлі діни бірлестіктің өзара ынтымақтасытығын нығайту жайы сөз болды. Халықаралық жиынға Қырғыз, Өзбекстан, Татарстан елдерінен ғалымдар онлайн форматта қосылып, дінаралық бейбітшілік турасында баяндама жасады.

2017 жылдан бастап діни бірлемстіктер көшбасшыларының клубы құрылды. Клубтың құрамында қалада орналасқан барлық діни бірлестіктердің басшылары енген. Осы клубтың мүшелерінің ұйымдастыруымен дінаралық келісімді, тұрақтылықты нығайтуға бағытталған әртүрлі шаралар ұйымдастырып отырамыз, – деді қалалық дін істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Ерғали Көшекей.

Отырыста қазақ даласынан, Сығанақ қаласынан шыққан ғалым Хусам ад-Дин ас-Сығнақидың алғаш қазақ тіліне аударылған  еңбегінің тұсаукесері өтті. VII-VIII ғасырларда өмір сүрген ғұламаның еңбектері әсіресе таяу және Орта Шығыста әйгілі. Теолог әрі философ ғалым өз заманында теріс діни ағымдарға табынушылармен күрескен.

Бабаның еңбегімен докторлық қорғаған ғалымдар бар. Олардың айтуынша, бұл кісінің еңбегі әл-Фараби бабамыздан кем емес. Бірақ көлеңкеде қалған, айтылмаған, зерттелмеген. Енді біз соған кірісіп жатырмыз. Оны зерттеп, шығару және қалың жұртқа таныстыру, – деді  «Сунақ» қорының төрағасы Тұрсынхан Әлібеков.


Өзгелердің жаңалығы