ХҚКО қызметкерлері деректердің жария болып кетпеуіне жауапты болады

4 Қазан 2023, 11:56
861
Бөлісу:
ХҚКО қызметкерлері деректердің жария болып кетпеуіне жауапты болады
Фото: Артём Чурсинов - Архив

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар Мемлекеттік корпорация мәселелері туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оған мемлекеттік қызметтер көрсетуді оңтайландыру және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының жұмысын жетілдіру мақсатымен депутаттар бастама жасады.

Мемлекеттік корпорацияның мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін және дербес деректерге қол жеткізе алатын қызметкерлері мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестіріледі. Бұл қызметкерлердің жауапкершілігін арттырады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мәртебесі өзгертілмек. Корпорация фронт-офистердің жұмысы және қосымша сервистерді іске асыру бөлігінде мемлекеттік қызметтердің жалғыз операторы мәртебесінен айырылады.

Сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияға Е-Өтініш ақпараттық жүйесі шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдауды ұйымдастыру құзыретін беру көзделіп отыр.

Заң жобасы аясында 16 заңнамалық актіге, оның ішінде Қылмыстық және Жер кодексіне түзетулер енгізу ұсынылады.

Мәжіліс заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Өзгелердің жаңалығы